Үшемнің өліміне қатысты тың ақпарат белгілі болды (ВИДЕО)

Үшемнің өліміне қатысты тың ақпарат белгілі болды (ВИДЕО)
Коллаж: ult.kz

Алматы облысында үшем шетінеп кетті. Туыстары дәрігерлерді айыптады, деп хабарлайды ult.kz.

Журналист Гүлмира Әбіқай да нәрестелердің өліміне қатысты пікір білдірді. 

“Алланың құдіретімен жатырына үшем бітіп, үшеуін 6 айға  дейін көтеріп, аман-сау туып, дәрігерлер кесірінен ажырап қалу сұмдық қой. 3 ажалды қатар естіп есеңгіреп есінен танған ананың жайы не болмақ? 28 жасар Айдананы жұбатуға сөз таппай тұрмын, амандық тілейік. @healthcare.gov.kz @akmaralalnazarova өзгелер адамның миын алмастырып, басын жаңартып жатқанда біз әлі екіқабат әйелді босандыра алмай жүрміз?! @karasaicrb  неліктен өзіне жауапкершілік алған? Қарасай аудандық ауруханасында үшем тумақ түгіл бір әйелдің аман босануы үлкен дау. Кеше ғана Үкіметке “Елімізде жаңа туған бала өлімі бұрынғымен салыстырғанда 2 есеге азайды” деп жарты жылдық есепті бердіңіздер. Өтірік есеп, жалған науқаннан шаршаған жоқпыз ба?”, - деп жазды журналист. 

Ал келіншектің туыстары үшемнің екеуі туыла салып көз жұмғанын, ал дәрігерлер үшіншісі тірі дегенін айтты. Алайда кейінірек үшінші нәрестенің де шетінеп кеткенін айтқан. Туыстары үшінші нәресте де туыла салып дереу көз жұмғанын, алайда дәрігерлер жасырғанын айтты.