7 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын болып, жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман түсіп, солтүстік пен солтүстік-батыста көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада күн ала бұлтты болып, түнде және күннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +3…+5, күндіз +7…+9 градус болады.
Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +3…+5, күндіз +16…+18 градусқа дейін көтеріледі.
Шымкентте таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр болады. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +21…+23 градусқа жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында түнде жаңбыр мен қар, күндіз оңтүстігі мен шығысында жаңбыр күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Жел секундына 9–14 метр, түнде оңтүстігі мен шығысында 15–20 метрге дейін күшейеді. Температура түнде −1…−6, оңтүстігі мен шығысында +3, күндіз +4…+9 градус болады.