Ақтауда еден жуушымен жанжалдасқан мектеп қызметкері жұмыстан қуылды

Ақтауда еден жуушымен жанжалдасқан мектеп қызметкері жұмыстан қуылды
видеодан скриншот

Ақтауда жекеменшік Tulpar School мектебінің қызметкері еден жуушымен жанжалдасқаны үшін жұмыстан босатылды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық білім басқармасы HALYQSTAN тілшісіне хабарлаған, деп жазады ult.kz.

Басқарманың мәліметінше, оқиға 16 қазанда болған. Мектеп қызметкері еден жуушыдан директордың кабинетін жинауды сұраған. Алайда ол тапсырманы орындаудан бас тартып, дөрекі сөйлеп, кабинеттен шығып кеткен.

Бұған ашуланған мектеп қызметкері еден жуушының шелегін теуіп, ішіндегі суды төгіп жіберген.

Тексеру барысында жанжалға қатысқан әйелдің мектепте қосымша факультатив сабақтар да өткізгені анықталған. Педагогикалық әдепті бұзғаны үшін онымен еңбек шарты бұзылған.

Әлеуметтік желіде жұмыстан босатылған қызметкердің лицей директоры Халеф Челиктің жұбайы екені туралы ақпарат тараған. Алайда бұл мәлімет әзірге ресми расталған жоқ.