Екі қызды зорлағаны үшін сотталған азаматтың жазасына тағы 1,5 жыл қосылды

Екі қызды зорлағаны үшін сотталған азаматтың жазасына тағы 1,5 жыл қосылды
irbistv.kz

Екі жасөспірім қызды зорлағаны үшін сегіз жылға сотталған азамат түрмедегі тәртіпті бұзғаны үшін қосымша бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ult.kz.

 Irbistv.kz мәліметінше, 2023 жылы Екібастұзда 8 және 13 жастағы апалы-сіңлілі қыздарға қатысты қылмыс жасағаны үшін сотталған азамат жазасын №46 колонияда өтеп жүрген.

Сот материалдарына сәйкес, ол сақал-мұртын алудан бас тартып, мекеме қызметкерлерінің талаптарын бірнеше рет орындамаған. 2026 жылдың наурызында тінту кезінде іш киіміне дейін шешінуден бас тартып, қызметкерлерге бағынбаған.

Осы дерек бойынша қозғалған қылмыстық іс нәтижесінде оған тағы 1 жыл 6 ай жаза тағайындалды. Енді ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда өтейді.