Павлодар облысындағы түзеу мекемесінде 20 жастағы сотталушының мәйіті табылды. Ол 15 жастағы қызбен интимдік қатынасқа түскені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған. Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ult.kz HALYQSTAN Телеграм арнасына сілтеме жасап.
Оқиғаға қатысты мәліметтерге сүйенсек, жігіт 2025 жылы 15 жастағы мектеп оқушысымен Instagram желісінде танысқан. Кейін олар қыздың үйінде кездесіп, арасында интимдік қатынас болған. Қыздың анасы бұл туралы білген соң, полицияға арыз түсірген.
Қарым-қатынас екі жақтың келісімімен болғанына қарамастан, заң бойынша 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салынған. 2026 жылғы сәуірде сот жас жігітті 12 жылға бас бостандығынан айырған.
Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталушының өліміне қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.