Ақтөбеде әйелді өлтірді деген күдікпен бұрынғы күйеуі ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ult.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы оқиғаға бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық жанжал себеп болған.
Полицияның хабарлауынша, бұған дейін олардың арасында тұрмыстық жанжал болғаны туралы құқық қорғау органдарына ешқандай арыз-шағым немесе хабарлама түспеген.
Белгілі болғандай, күдікті 1995 жылы, ал марқұм 2000 жылы туған. Адам өлтіру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабымен іс қозғалды.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде ауылдасын пышақтап өлтірді деп айыпталған студент сотталған болатын.