Ақтөбеде марихуананы шатырға жасырған: үш адам ұсталды

Ақтөбеде марихуананы шатырға жасырған: үш адам ұсталды
Ашық дереккөз

Ақтөбеде полиция қызметкерлері үш тұрғынды есірткі сақтады деген күдікпен ұстады. Тінту кезінде үйлердің бірінің шатырынан 25 келіден астам марихуана тәркіленді, деп хабарлайды ult.kz.

Полиция мәліметінше, күдіктілер «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қолға түскен. Тінту барысында қызметтік иттің көмегімен шатырдан 50 және 25 литрлік екі бөшке табылған. Ішіндегі заттың марихуана екені сараптама арқылы расталды.

Сонымен қатар екінші күдіктінің үйінен есірткі болуы мүмкін зат салынған пакет пен оны тұтынуға арналған құралдар тәркіленді.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталған үш азаматтың да есірткілік масаң күйде болғаны анықталған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, есірткінің шығу тегі мен таралу арналары тексеріліп жатыр.