«Барни» ісі: 19 жастағы Мадинаның мәйіті қайта қазып алынды

«Барни» ісі: 19 жастағы Мадинаның мәйіті қайта қазып алынды
ulysmedia.kz/коллаж

Жамбыл облысында қаза тапқан 19 жастағы Мадина Рашидқызының денесі туыстарының талабы бойынша қайта қазып алынды. Марқұмның жақындары алғашқы сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сенбейді, деп хабарлайды ult.kz.

Эксгумация жүргізілгені туралы заңгер Инга Иманбай мен журналист Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады.

Заңгердің айтуынша, жәбірленуші тарап Алматыда қайталама комиссиялық сот-медициналық сараптама жүргізуді талап еткен. Осыған байланысты эксгумация жасалған.

Марқұмның туыстары оның өзіне қол жұмсағанына күмән келтіреді.

Жамбыл облысының полиция департаменті бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады.

Еске салайық, биыл тамызда Жамбыл облысында 19 жастағы жас ана қаза тапқан еді. Оның артында сегіз айлық сәбиі қалған.