23 жылдық тарих аяқталды: Криштиану Роналду Португалиямен қоштасты

23 жылдық тарих аяқталды: Криштиану Роналду Португалиямен қоштасты
ашық дереккөз

Әлемдік футбол жұлдызы Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған бейнеүндеуінде айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Футболшы ұлттық құраманың жетінші нөмірлі жейдесін болашақ ұрпаққа табыстайтын уақыт келгенін жеткізді.

– 23 жыл бойы бұл жейдені әлемнің түкпір-түкпіріндегі стадиондарда абыроймен киіп, қорғадым. Голдар ұмытылады, жүлделер музейлерде қалады, рекордтар жаңарады. Бірақ адамдардың жүрегінен алған орнымызды уақыт өшіре алмайды. Бүгін ұлттық құрама сапындағы алаңдағы жолым аяқталады. Мен бұл жолдан басымды тік көтеріп кетіп барамын. Португалия үшін барымды салғанымды мақтан тұтамын. Елімнің әр жеңісіне әлі де бірге қуанамын, – деді Роналду.

Ол ұлттық құрама сапында жеңістермен қатар, ауыр жеңілістерді де бастан өткергенін, алайда ешқашан берілмегенін атап өтті.

Айта кетейік, Роналду Португалия құрамасында 2003 жылдан бері өнер көрсетіп, 234 матчта 146 гол соққан. Ол 2016 жылғы Еуропа чемпионатының және Ұлттар лигасының екі дүркін жеңімпазы атанды.