Қазақ балуаны Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан күрестен Әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ult.kz.
Еркін күрестен 74 келі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда Ресей өкілі Иналбек Шериевке 4:10 есебімен есе жіберіп, әлем біріншілігін екінші орынмен аяқтады.
Нұрқожа ақтық сынға дейін төрт белдесуде жеңіске жетті. Алдымен Косово өкілі Эгзон Джониді 10:0, кейін әзербайжандық Туран Байрамовты 4:0 есебімен ұтты. Ширек финалда тәжікстандық Виктор Рассадиннен 11:0 есебімен басым түссе, жартылай финалда жапониялық Ёсиносукэ Аоягиді 3:1 есебімен жеңді.
Осылайша, Нұрқожа Қайпанов өз жерінде өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Еске салайық, отандасымыз 2024 жылы 70 келі салмақта әлем чемпионы атанған болатын. Сондай-ақ 2019 жылы күміс, 2025 жылы қола медаль иеленген.