Олжас Абай Instagram парақшасында жұбайы және тағы бір әйелмен бірге жүрген сәтінен кадр жариялап, оларға жылы сөз арнады, деп хабарлайды ult.kz.
Желіге жарияланған кадрда оның екі әйелмен қатар серуендеп келе жатқанын көруге болады. Әйелдердің бірі оны қолтықтап алған.
Олжас Абай бұл сәтке әзіл аралас жазба қосып, оларға деген ықыласын жеткізді.
«Тәтелер мені жақсы көреді. Мен ол кісілерді жақсы көремін», – деп жазды ол.
Айта кетейік, Олжас Абай көрерменге уәде берді.

Олжас Абай кім?
Олжас Абай — қазақстандық актер әрі әнші. Ол Ескелді ауданындағы Нұрмолда Алдабергенов ауылында дүниеге келген. Өнер иесі сұхбатында туған жері мен шығармашылық жолы туралы айтып, актерлікті басқа мамандыққа айырбастай алмайтынын жеткізген.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Драма театры және кино актері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Көпшілікке «Ochooou» немесе «Очоу» сахналық есімімен де таныс. Актерлікпен қатар әншілікпен айналысып, музыкалық туындыларын жарыққа шығарған.
Олжас Абай көрерменге «Қара шаңырақ» телехикаясындағы рөлі арқылы танылған. Кейін «Бәсеке», «Әулет» секілді отандық жобаларға қатысқан. Киноға түсумен қатар, әндері мен бейнебаяндарын да көпшілікке ұсынған.
Өнер иесінің айтуынша, шығармашылық барысында кейде сценарий жазып, режиссерлік және операторлық міндеттерді де өзі атқарады. Мәселен, «Самса» әнін алғашында достарының арасында әзіл ретінде орындау үшін шығарғанын айтқан.