Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ult.kz.

Отандасымыз 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 399 келі (жұлқа көтеру – 182 кг, серпе көтеру – 217 кг) нәтижесін көрсетті. Осылайша, Нұрғиса Әділетұлы қос жаттығуда да күміс жүлдеге ие болды.

95 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:

1 орын Карлос Насар (Болгария) – 415 кг (185+230)

2 орын Нұрғиса Әділетұлы (Қазақстан) – 399 кг (182+217)

3 орын Али Алипур (Иран) – 396 кг (181+215)