5 қарашада ауа райы қандай болады?

5 қарашада ауа райы қандай болады?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

5 қарашада Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде жауын-шашын күшейеді. Ел аумағында желдің күшеюі, түнде және таңертең тұман түсуі күтіледі, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада күн ала бұлтты болып, жауын-шашын жаумайды. Түнде ауа температурасы −4…−6°C-қа дейін төмендеп, күндіз +7…+9°C-қа көтеріледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2–7, күндіз 9–14 м/с болады. 

Алматыда күндіз өткінші жаңбыр жауады. Түнде +4…+6°C, күндіз +11…+13°C жылы болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысып, жылдамдығы 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа жетеді. 

Шымкентте түнде және таңертең жаңбыр жауып, тұман түседі. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +16…+18°C болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5–10 м/с шамасында күтіледі. 

Синоптиктердің мәліметінше, елдегі ауа райына солтүстік циклон әсер ете бастайды. Алдымен батыс өңірлерде байқалатын қолайсыз ауа райы кейін өзге аймақтарға таралады. Солтүстік өңірлерде жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін.