Бүгінгі валюта бағамы: доллар қанша теңге болды?

Бүгінгі валюта бағамы: доллар қанша теңге болды?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстан Ұлттық банкі 4 қарашаға арналған ресми валюта бағамдарын жариялады. АҚШ долларының бағамы 453,26 теңге, еуро 506,70 теңге болып белгіленді, деп хабарлайды ult.kz.

Ресей рублінің ресми бағамы 5,58 теңгені құрады. Қытай юані 67,93 теңге деңгейінде белгіленді. Бұл көрсеткіштер 4 қараша күні қолданылады. 

Ұлттық банктің түсіндіруінше, доллардың ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда нәтижесіне сүйеніп есептеледі. Астана уақытымен сағат 15:30-да қалыптасқан орташа сараланған бағам келесі жұмыс күніне ресми көрсеткіш ретінде бекітіледі. 

Банктер мен ақша айырбастау орындарындағы сатып алу және сату бағалары ресми бағамнан өзгеше болуы мүмкін. Сондықтан валютаны айырбастау кезінде таңдалған банк немесе айырбастау пунктінің сол сәттегі бағамын ескерген жөн.