Теміртауда мүгедектігі бар адамдарға іс жүзінде қызмет көрсетпеген жеке көмекшілер бюджеттен 5 млн теңгеден астам қаражат алған. Заңсыз төлемдерді прокуратура анықтады, деп хабарлайды ult.kz.
Тексеру барысында кейбір көмекшілердің қызмет көрсету актілерін жалған рәсімдегені, тіпті шетелде жүрген күндерін де жұмыс уақытына қосқаны белгілі болды.
Мәселен, жеке көмекшілердің бірі 2026 жылғы сәуірде 240 сағат қызмет көрсеткені туралы акт тапсырған. Алайда 16-24 сәуір аралығында Түркияның Ыстанбұл қаласында болған.
Прокуратураның мәліметінше, заңсыз төленген қаражатты алған жеке көмекшілер мүгедектігі бар адамдардың туыстары болып шыққан. Қадағалау шараларынан кейін олар ақшаны мемлекетке ерікті түрде қайтарды.