«Бұл – орыс елі»: Алматыда сауда орталығында жанжал шығарған ер адам 20 тәулікке қамалды

«Бұл – орыс елі»: Алматыда сауда орталығында жанжал шығарған ер адам 20 тәулікке қамалды
видеодан скриншот

Алматыда сауда орталығында күзетшімен және келушілермен сөзге келген 40 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол жанжал кезінде «Бұл – орыс елі» деп мәлімдеген. Сот шешімімен ер адам 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан супермаркеттен шығып бара жатқан ер адамның қолында энергетикалық сусын барын көруге болады. Сол кезде күзетші одан сатып алған тауарының чегін көрсетуді сұрайды.

Алайда ер адам күзетшімен сөзге келіп қалады. Жанжалға басқа келушілер де араласып, одан қызметкермен сыпайы сөйлесуді талап етеді.

Осы кезде ер адам «Бұл – орыс елі» деп айтады. Оған келушілердің бірі Қазақстанның қазақ елі екенін айтып, күзетшінің өтінішін орындап, оны құрметтеуге шақырады.

Кейін күзетші чекті тексеріп, тауардың ақысын төлегеніне көз жеткізген.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 40 жастағы Алматы тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Сот шешімімен ол 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.