Алматыда жүк көліктерін салмақ шектеулеріне қарсы наразылық ретінде жаппай тоқтатуға шақырған видео авторы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды ult.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адам жүргізушілерді 1 қараша күні жүк көліктерін ұйымдасқан түрде тоқтатуға шақырған.
Полиция видео авторының жеке басын анықтады. Ол – 41 жастағы Асылжан Баймұханов.
Оған рұқсат етілмеген жаппай іс-шара ұйымдастыруға шақырды деген айып тағылды. Сот Баймұхановты кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.