«Бұйратау» ұлттық паркінде фототұзақ жабайы қабанның қасқырларды қуған сәтін түсіріп алған. Кадрларда қабан қасқырларға қарай ұмтылып, оларды қашуға мәжбүр еткенін көруге болады, деп хабарлайды ult.kz.
Видеоны Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жариялады.
Айта кетейік, «Бұйратау» ұлттық паркі 2011 жылы Ақмола және Қарағанды облыстарының аумағында құрылған. Оның жалпы аумағы 89 мың гектарға жуық.
Ұлттық парк аумағында арқар, марал, бұлан, елік, жабайы қабан және қасқыр мекендейді.