Қараусыз қалған сөмкедегі 2 млн теңгені жымқырған күдікті ұсталды

Қараусыз қалған сөмкедегі 2 млн теңгені жымқырған күдікті ұсталды
Ашық дереккөзден

Қарағандыдағы бизнес-орталықтардың бірінде Астанадан келген 46 жастағы ер адамның сөмкесінен 2 млн теңге ұрланды. Ол заттарын бірнеше минутқа қараусыз қалдырған сәтте ақшасынан айырылып қалған, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, ер адам ақшаның жоғалғанын қызмет ақысын төлеу кезінде байқаған. Осыдан кейін бірден полицияға хабар берген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды қалалық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Күдікті 37 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ол ұрлық жасағанын мойындаған.

Алайда жәбірленушінің ақшасын қайтару мүмкін болмаған. Күдікті қолды болған 2 млн теңгені жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданды.