"Еркек пе, әйел ме?": Жеңіс Ысқақова өзіне қатысты қызық сұраққа жауап берді

"Еркек пе, әйел ме?": Жеңіс Ысқақова өзіне қатысты қызық сұраққа жауап берді
Фото-коллаж: видеодан скриншот/ ЖИ арқылы өңделген

Қазақстандық танымал әнші Жеңіс Ысқақова өзіне жиі қойылатын тосын сұраққа жауап беріп, ер әріптестерінің өзін қалай атайтынын айтып берді, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі "Кешкі Алматы" бағдарламасына қонақ болып, шығармашылық жолы, отбасы және әріптестерімен қарым-қатынасы туралы әңгімеледі.

Сұхбат барысында әншіге "Жеңіс Ысқақова еркек пе, әлде әйел ме?" деген қызық сауал қойылды. Әнші бұл сұрақтың туындауына әріптестерінің өзін ерекше атауы себеп болуы мүмкін екенін айтып, көпшілікті күлдірді.

"Неге дейсің ғой, өйткені өзімнен кейінгі әріптестерім Сейфуллин, Мұқасан, Жұбаныш бар. Олардың бәрі мені "братан" дейді да, сосын шатасады", – деді Жеңіс Ысқақова.

Осылайша әнші ер әріптестерімен арадағы еркін қарым-қатынасын әзілмен жеткізді. Оның сөзінен өнердегі әріптестерімен жақын араласатынын аңғаруға болады.

Сонымен қатар бағдарлама барысында Жеңіс Ысқақова жеке өмірі мен отбасы туралы да сөз қозғады. Әнші 60 жасқа толған мерейтойында болған қызықты оқиғаларды еске алып, өміріндегі есте қаларлық сәттерімен бөлісті.

Жеңіс Ысқақова кім?

Жеңіс Ермағанбетқызы Ысқақова – қазақ эстрадасының белгілі әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол 1966 жылы 9 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде дүниеге келген.

1982 жылы орта мектепті тәмамдап, өнер жолына бет бұрған. 1984 жылы композитор Рамазан Тайманов құрған ансамбльде әнші болып еңбек жолын бастаған. 1985–1987 жылдары Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк оқу орнында белгілі әнші Лаки Кесоглудың класында білім алған.

1987 жылы Юрмалада өткен бүкілодақтық эстрада орындаушылары байқауында "Көрермендер көзайымы" аталымы бойынша марапатталған. Сол жылы "Жаңа есім" бүкілодақтық байқауының лауреаты атанып, Мәскеудегі "Виват, Виктория" халықаралық конкурсының гран-приін жеңіп алған.

Оның репертуарында "Сыр сұлуы", "Аяла сен мені", "Түнгі жаңбыр", "Жан әке" және басқа да танымал әндер бар.

2005 жылы өнер саласына қосқан үлесі үшін "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын иеленген. Сонымен қатар әнші Қазақ ұлттық өнер университетінде ұстаздық қызмет атқарып, жас өнерпаздарды тәрбиелеумен айналысқа