Айман Талғатқызы денсаулығы сыр бергенін айтты

Айман Талғатқызы денсаулығы сыр бергенін айтты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызы Қарағандыға барған сапарында командасымен бірге ауырып қалғанын айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында әріптестерінің басым бөлігінің дене қызуы көтеріліп, мұрын мен тамаққа қатысты шағымдары болғанын жеткізді. Өзінің де түні бойы ұйықтай алмағанын айтты.

“Қарағандыға келіп, барлығымыз командамен ауырып қалдық. Вирус бір-бірімізден жұқты ма, білмеймін. Бүгін құладық. Түнімен ұйықтай алмадық. Мұрын, тамақ, температура… Біттік. Бір кісіден басқамыз құладық. Бірақ жұмыс тоқтамайды”, – деді ол.

Айман Талғатқызы сырқаттанып жүргеніне қарамастан, жұмысын жалғастырып жатқанын жеткізді. Жағдайын әзілге бұрып, оқырмандарына денсаулық тіледі.

“Ауырғанның бір пайдасы – арықтап, еркелеп қаласың ғой, иә? Бірақ ауырмаңыздар”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, Айман Талғатқызы енесінің алдында билеген видеосын жариялады.

Тұрсынбек Қабатов кім?

Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов — қазақстандық әзілкеш, сатира актері және тележүргізуші. Ол 1979 жылғы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының Ақпәтер ауылында дүниеге келген. Көпшілікке КВН ойындары арқылы танылған. Студенттік кезінен сахнаға шығып, “Аграрка сарбаздары”, “Астана.kz” және “Қазақтар” командаларының құрамында өнер көрсеткен. 2011 жылдан бастап “Әзіл әлемі” әзіл-сықақ театрына жетекшілік еткен.

2009 жылы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында, кейін Алматыдағы Республика сарайында жеке әзіл кештерін өткізген. 2010 жылы “Қазақстан” ұлттық арнасындағы “Екі жұлдыз” музыкалық жобасына қатысып, әнші Фарида Ниязовамен жұп болған.
 

Оның шығармашылық жолында КВН ойындарымен қатар, жеке концерттер мен телевизиялық жобалар да маңызды орын алады.  Кино саласында да бағын сынап, “Алып қашу операциясы” және “Ғашық жүрек – 2” фильмдеріне түскен. Алматыда көрерменге ұсынған “Сахнада 20 жыл” атты концерті өнердегі мерейтойына арналған.