Айман Талғатқызы енесінің алдында билеген видеосын жариялады

Айман Талғатқызы енесінің алдында билеген видеосын жариялады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы енесімен бірге түскен видеосын бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Айманның әзілкештің анасының алдында билеп жүргені көрінеді.

Видео желі қолданушыларының түрлі пікіріне себеп болды. Бірі Айманның енесінің көңілін көтеруге тырысқанын жылы қабылдаса, енді бірі анасының жүзінен көңілсіздік байқағанын жазды.

“Амалсыздан отырған сияқты мамасы”, “Көзінде мұң бар”, “Көңіл күйі жоқ”, “Көңілін ауласа да, күлмейді”, “Мынаған ашуы келіп жатқан сияқты”, – деп пікір қалдырды оқырмандар.

Тұрсынбек Қабатов кім?

Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов – қазақстандық әзілкеш, актер, тележүргізуші және продюсер. Ол 1979 жылғы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының Ақпәтер ауылында дүниеге келген. Көпшілікке КВН ойындары мен әзіл-сықақ кештеріндегі өнері арқылы танылды.

Өнер жолында “Астана.kz” және “Қазақтар” командаларының құрамында сахнаға шығып, республикалық және халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатысты. Кейін жеке концерттерін өткізіп, қазақ тіліндегі әзіл жанрында өзіндік аудиториясын қалыптастырды. Оның монологтарында отбасылық қарым-қатынас, ауыл мен қала тіршілігі, адам мінезі және қоғамдағы күнделікті мәселелер қозғалады. Тұрмыста жиі кездесетін жағдайларды көрерменге таныс тілмен, әзіл арқылы жеткізуі – сахналық мәнерінің ерекшелігі.

Тұрсынбек Қабатовтың шығармашылық қызметі “Әзіл әлемі” театрымен де байланысты. Ол сахналық қойылымдар мен концерттік бағдарламаларды ұйымдастыруға атсалысып, актерлік өнермен қатар шығармашылық ұжымға жетекшілік ету бағытында жұмыс істеді. Сондай-ақ “Көңілді тапқырлар алаңы” жобасы арқылы жас әзілкештердің үлкен сахнаға шығуына мүмкіндік беріп келеді.

Өнер саласындағы еңбегі үшін 2014 жылы “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталып, Қазталов ауданының құрметті азаматы атанды. Ал 2015 жылы оған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді.