Белгілі ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері Гүлзада Ниетқалиева 61 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды ult.kz.
Гүлзада Ниетқалиева 1966 жылы Атырау облысының Құрманғазы ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын мұғалім болып бастаған қаламгер кейін облыстық телевизияда жұмыс істеп, “Ақ Жайық”, “Қайсар” және “Атырау” газеттерінде редакторлық қызмет атқарған.
Ақынның қаламынан “Ақбота күнді аңсаумен”, “Айдың сүттей сәулесі”, “Хазар қасидалары”, “Аллажар” секілді жыр жинақтары туған. Ол поэзиялық туындыларымен қатар монографиялық еңбектер мен дастандар жазған.
2017 жылы қаламгердің “Жүректегі иман гүлі” дастаны Ұлыбританияда жарық көрген.