Қайрат Боранбаевтың бұрынғы спорт кешені 2,3 миллиард теңгеге сатылды

Қайрат Боранбаевтың бұрынғы спорт кешені 2,3 миллиард теңгеге сатылды
e-Qazyna.kz

Астанада Қайрат Боранбаев мемлекетке қайтарған Fitnation спорттық-сауықтыру кешені 2 миллиард 305 миллион теңгеге сатылды, деп хабарлайды ult.kz.

Тұран даңғылы, 4/1 мекенжайында орналасқан ғимараттың ауданы 4 мың шаршы метр. Сауда-саттыққа кешенмен бірге 510 спорттық жабдық қойылған.

Алғашында нысан 2,9 миллиард теңгеге бағаланған. Алайда 15 қазанда сатып алушы табылмағандықтан аукцион өтпеді. Кейін бастапқы баға 874 миллион теңгеге төмендетіліп, кешен қайта сатылымға шығарылды.

Әкімдік жаңа иесіне бес жыл бойы нысанның спорттық-сауықтыру бағытын сақтауды міндеттеді. Бұған дейін кешенде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту шаралары ұйымдастырылған.

Fitnation Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс аясында мемлекет меншігіне өткен. 2023 жылы сот кәсіпкерді «ҚазТрансГаз» қаражатын жымқырды және жылыстатты деп айыптап, алты жылға соттаған.

Үкімге дейін Боранбаев құны 90 миллиард теңгеден асатын активтерін мемлекетке ерікті түрде қайтарған. Сонымен қатар Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 миллиард теңге аударған.