Қарағанды тұрғыны мұра дауына байланысты қала әкімін сотқа берді

Қарағанды тұрғыны мұра дауына байланысты қала әкімін сотқа берді
ашық дереккөзден

Әйел ағасының өлімін алты жылдан кейін ғана рәсімдеп, мұрагерлік мерзімді қалпына келтіруге мәжбүр болған, деп хабарлайды ult.kz.

Қарағанды облыстық сотының мәліметінше, тұрғын ағасынан қалған үйдің жартысын мұраға алу үшін қала әкімін сотқа берді. Ер адам 2020 жылы қайтыс болғанымен, оның өлімі ресми түрде алты жылдан астам уақыт өткен соң тіркелген.

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық №2 сотының мәліметінше, әйел мен оның ағасы тұрғын үйді тең үлеспен иеленген. Ағасы қайтыс болғаннан кейін үйдің жартысы мұрагерлеріне өтуі тиіс еді.

Алайда медициналық куәлікте көрсетілген өлім күні – 2020 жылғы 9 ақпан болғанымен, мемлекеттік тіркеу тек 2026 жылғы 16 маусымда жүргізілген. Нотариус мұрагерлікке өтініш беру мерзімі өтіп кеткендіктен, әйелге мұраға құқық туралы куәлік беруден бас тартқан.

Сот әйелдің мерзімді объективті себептермен өткізіп алғанын ескеріп, талап арызын қанағаттандырды. Нәтижесінде мұраны қабылдау мерзімі қалпына келтіріліп, әйел ағасынан қалған үйдің жартысын мұраға қабылдаған деп танылды.