Алматыда бұрынғы полицей азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін 15 жылға сотталды

Алматыда бұрынғы полицей азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін 15 жылға сотталды
24.kz

Былтыр мамыр айында жанжал кезінде ер адам әйеліне балалардың көзінше 39 рет пышақ сұққан. Осыдан кейін ол өзіне қол жұмсамақ болғанымен, аман қалған, деп хабарлайды ult.kz.

Сот отырысында айыпталушы қылмысты аффект жағдайында жасағанын және болған оқиғаны тек ауруханада есін жиғаннан кейін түсінгенін мәлімдеді. Алайда сот бұл уәжді қабылдамады.

Бұрынғы полицей азаматтық некедегі әйелін аса қатыгездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сонымен қатар сотталған азаматтан марқұмның отбасының пайдасына моральдық зиян үшін 10 миллион теңге өтемақы өндірілді.

Ерлі-зайыптының артында үш баласы қалды. Марқұмның туыстары сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Дегенмен сот үкімі жарияланғаннан кейін олар қабылданған шешімге көңілдері толатынын жеткізді.