Ташкентте уланған қазақстандықтардың жағдайы жақсарып келеді. Қазір ауруханада сегіз отандасымыз ем қабылдап жатыр. Оның алтауы – бала, екеуі – ересек адам, деп хабарлайды ult.kz.
Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің мәліметінше, 18 науқастың 10-ы, оның ішінде алты бала мен төрт ересек адам ауруханадан шығарылған. Қалған науқастардың жағдайы тұрақты, барлығы дәрігерлердің бақылауында.
Жас футболшылардың денсаулығы жақсарып келе жатқаны айтылды. Ішек инфекциясының қоздырғышын анықтауға арналған ПТР талдауының қорытындысы бүгін кешке белгілі болады.
Елшіліктің көмегімен 13 қазақстандық елге оралған. Еске салайық, Қарағанды облысының жас футболшылары Ташкентте өткен Dostlik Cup 2026 турниріне қатысу кезінде жаппай уланған еді.
Осы оқиғаға байланысты Өзбекстан Бас прокуратурасы санитариялық талаптарды бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.