Алматыда Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) жүру ақысын жеңілдікпен төлеуді ұсынатын жалған SMS-хабарламалар таралып жатыр. Жол операторы жүргізушілерді күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырды, деп хабарлайды ult.kz.
Компания мәліметінше, белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларда жол ақысын бөгде сайттар арқылы төлеу ұсынылады. Алайда мұндай сілтемелер алаяқтық мақсатта жасалған. Олар арқылы банк деректері мен жеке ақпарат ұрлануы мүмкін.
Жеке тұлғалар жол ақысын Kaspi Bank, Halyk Bank және Bank CenterCredit қосымшаларындағы «БАКАД. Жол жүру ақысын төлеу» қызметі арқылы төлей алады.
Сондай-ақ төлемді Visa және Mastercard карталарымен оператордың ресми веб-порталынемесе Qiwi-әмиян арқылы жасауға болады.
Ал кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жол ақысын оператордың есеп айырысу шотына банктік аударым жасау арқылы төлейді.