86 жастағы қарияның өлімі: Қостанай облысында күдікті іздестіріліп жатыр

86 жастағы қарияның өлімі: Қостанай облысында күдікті іздестіріліп жатыр
Ашық дереккөзден

Қостанай облысында 86 жастағы ер адамның мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция күдіктіні анықтап, ұстау шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ult.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты дәлелдер жиналып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмысқа қатысы бар адамды іздестіруге барлық қажетті күш жұмылдырылған.

Сондай-ақ полиция екінші адамға шабуыл жасалғаны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство тұрғындарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. Қылмыстық істің өзге мән-жайы әзірге жарияланбайды.