«Dog House» панажайының иесін өлтірді деген күдікті ұсталды

«Dog House» панажайының иесін өлтірді деген күдікті ұсталды
Ашық дереккөз

Алматы облысында «Dog House — Твардовский дом» жануарлар панажайының негізін қалаушы Владимир Тепляковтың өліміне қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, адам өлтіру дерегі бойынша 7 қазанда қылмыстық іс қозғалған. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, қамауға алынған.

Қазір оның қылмысқа қатысы тексеріліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Еске салайық, Владимир Тепляков Алматы облысында кісі қолынан қаза тапқан еді.