Шымкентте есірткіні дронның көмегімен таратып, жасырын орындарға қалдырып жүрген ер адам ұсталды. Күдіктінің көлігінен 150 грамнан астам мефедрон тәркіленді, деп хабарлайды ult.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің заңсыз әрекеті ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы жүргізілген бақылау кезінде анықталған.
Кейін полицейлер оның автокөлігін тексеріп, ішінен психотроптық зат салынған 48 орама тапқан. Тәркіленген мефедронның жалпы салмағы 150 грамнан асады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.