Каспий арқылы есірткі тасымалдаған: 109 келі тыйым салынған зат тәркіленді

Каспий арқылы есірткі тасымалдаған: 109 келі тыйым салынған зат тәркіленді
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде халықаралық есірткі тасымалдау арнасының жолы кесілді. Арнайы операция барысында бес адам ұсталып, жалпы салмағы 109 келі есірткі тәркіленді, деп хабарлайды ult.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, 1 қарашада Шекара қызметі мен Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері үш шетелдік азаматты қолға түсірген. Олар жылдам жүретін катермен қашуға әрекеттенген.

Сонымен қатар жағалау аумағында Қазақстанның екі азаматы ұсталды.

Арнайы операция нәтижесінде 22 келі апиын, 27 келі гашиш және 60 келі марихуана тәркіленді. Сондай-ақ есірткі тасымалдауға пайдаланылған шағын жылдам жүретін катер алынды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланған жоқ.