Allur компаниялар тобының құрамына кіретін Kia бренді Алматыда жаңа буын Kia Seltos кроссоверін таныстырды. Жаңа модельдің тұсаукесері ауқымды іс-шара форматында өтіп, оның тұжырымдамасы автомобильдің төрт негізгі ерекшелігіне – Стиль, Технология, Жайлылық және Көлік жүргізуден ләззат алуға арналды.
3 қарашада Алматыда жаңа Kia Seltos моделінің тұсаукесері өтті. Іс-шара барысында кроссовердің жаңа буыны бизнес өкілдеріне, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық пікір көшбасшыларына таныстырылды.
Тұсаукесер тұжырымдамасының негізіне заманауи автомобильдің басты қасиеттерін бір арнаға тоғыстыру идеясы алынды. Іс-шара өтетін кеңістік төрт тақырыптық аймаққа бөлініп, олардың әрқайсысы жаңа Kia Seltos моделінің бір қырын ашты. Олар – Стиль, Технология, Жайлылық және Көлік жүргізуден ләззат алу.
Таныстырылымның басты идеясы – осы төрт қасиетті бір автомобильде біріктіру. Жаңа Kia Seltos жүргізушіге айрықша дизайн, заманауи технологиялар, жайлылық пен көлік жүргізуден алатын әсердің бірін таңдау қажет емес екенін көрсетеді. Өйткені бұл ерекшеліктердің барлығы бір модельде үйлесім тапқан.
Төрт әлем. Бір автомобиль.
Стиль аймағы Kia Seltos моделінің дизайны мен өзіндік ерекшелігіне арналды. Технологиялар кеңістігінде қонақтар автомобильдің заманауи цифрлық шешімдерімен танысты. Жайлылық аймағында салонның ерекшеліктері мен эргономикасы көрсетілсе, Көлік жүргізуден ләззат алу кеңістігі автомобильді басқарудан туатын әсерлерге арналды.
Кештің шарықтау шегі төрт тақырыптық аймақтың бір кеңістікке бірігуімен ерекшеленді. Бұл тұсаукесердің негізгі идеясын айқындай түсті: Стиль, Технология, Жайлылық және Көлік жүргізуден ләззат алу жаңа Kia Seltos моделінде біртұтас үйлесім тапқан.
Би қойылымынан кейін автомобильдің ресми таныстырылымы өтті.
Музыкалық бағдарлама да іс-шараның маңызды бөлігіне айналды. Қонақтар алдында Ния, Lili және Dilbara өнер көрсетті. Ал кештің жүргізушісі Евгений Чебатков болды. Ол тұсаукесер барысында қонақтарға жол көрсетіп, кештің өтуіне ұйытқы болды.
Ресми бөлім аяқталғаннан кейін қонақтар автомобильмен жақынырақ танысып, оның дизайнын, салонын және технологиялық шешімдерін көре алды.
Жаңа Kia Seltos
Kia Seltos моделінің жаңа буынында заманауи дизайн, жаңартылған интерьер және жүргізуші мен жолаушылардың жайлылығын арттыруға бағытталған технологиялық шешімдер үйлесім тапқан.
Салонның басты ерекшеліктерінің бірі – заманауи цифрлық шешімдерді біріктіріп, автомобильдің негізгі функцияларына қол жеткізуді жеңілдететін 27 дюймдік панорамалық дисплей.
Технологиялық мүмкіндіктер қатарында Apple CarPlay жүйесіне сымсыз қосылу және Spotify, YouTube, TikTok сияқты кіріктірілген қосымшаларды пайдалану мүмкіндігі бар. Автомобиль интерфейсі қазақ тілінде қолжетімді.
Жүргізуші мен жолаушылардың жайлылығына да ерекше назар аударылған. Kia Seltos моделінің жинақталымы мен жабдықталу пакетіне қарай панорамалық шатыр және проекциялық дисплей қарастырылған.
Қазақстан нарығына арналған жаңа Kia Seltos 150 және 200 ат күшіне ие 1.5 T-GDI бензин қозғалтқыштарымен ұсынылады. Олар 8 сатылы автоматты беріліс қорабымен үйлеседі. Жинақталымына қарай алдыңғы немесе толық жетек жүйесін таңдауға болады.
Автомобиль Қазақстанда өндіріледі.
Бағасы мен қолжетімділігі
Жаңа Kia Seltos моделінің бағасы жинақталымына қарай 10 990 000 теңгеден 15 490 000 теңгеге дейін болады.
Алматыдағы тұсаукесер Kia Seltos моделінің жаңа буынымен кеңінен танысуға мүмкіндік берді. Оның негізгі тұжырымдамасы – заманауи автомобильге тән төрт маңызды қасиетті бір модельде біріктіру. Яғни Стиль, Технология, Жайлылық және Көлік жүргізуден ләззат алу. Олардың ешқайсысын таңдаудан бас тартудың қажеті жоқ.