Бүгінде қазақстандықтар үшін автокөлік таңдағанда не маңызды?

Бүгінде қазақстандықтар үшін автокөлік таңдағанда не маңызды?
Allur

Сенімділік, қауіпсіздік, жайлылық пен басқару мүмкіндігі – күнделікті өмірге арналған автокөлікті таңдаудағы басты критерийлер.

Көліктің дизайны назар аудартқанымен, оны сатып алу туралы шешім қабылдауда практикалық мәселелердің маңызы артып келеді. Мәселен, автомобиль қыста өзін қалай көрсетеді, қаншалықты қауіпсіз және рөлде отырған кезде қандай технологиялар жүргізушіге көмектеседі? Қазақстанның кең байтақ аумағын, ауа температурасының құбылуын және жол жағдайларының әртүрлілігін ескерсек, бұл талаптардың өзектілігі арта түседі.

MG брендінің артында 1924 жылдан бастау алатын британдық автомобиль өндірісінің 102 жылдық тарихы бар. Алғашында спорттық көліктер шығарудан бастау алған бренд өзінің инженерлік философиясын қалыптастырды. Оның негізінде қозғалыс серпіні, басқару мүмкіндігі және көлік жүргізуден ләззат алу қағидаттары жатыр.

MG дамуының жаңа кезеңі брендтің қытайлық SAIC Motor автомобиль концернінің құрамына енуімен байланысты. Бұл британдық инженерлік мұраны озық технологиялармен, ауқымды өндірістік мүмкіндіктермен және заманауи әзірлемелермен ұштастыруға жол ашты. Бүгінде MG дәстүр мен инновацияны, практикалық қолайлылықты үйлестірген автомобильдер ұсынатын халықаралық бренд ретінде дамуын жалғастырып келеді.

Фото: Allur

Сенімділік – ұзақ жылдарға кепіл

Қазақстанның климаты мен жол жағдайы автомобиль шанағы мен техникалық тораптарының қорғанысына ерекше талап қояды. MG маркасының барлық автомобильдері толық мырышталған шанақпен жабдықталған және зауытта түбі коррозияға қарсы өңдеуден өтеді. Ал MG 5 және MG ZS модельдерінде вариатордың қосымша салқындату радиаторы қарастырылған. Ол автомобильді пайдалану кезінде температуралық жүктемені азайтуға көмектеседі.

Автокөлік таңдаудағы маңызды артықшылықтардың бірі – MG ұсынатын 5 жылдық немесе 150 000 шақырымға дейінгі жүріске арналған ресми кепілдік. Өндіруші белгілеген шарттарға сәйкес, кепілдік тораптар мен агрегаттарға, сондай-ақ аспа жүйесінің элементтеріне де қолданылады. Бұл автомобильді сатып алу туралы шешім қабылдағанда оның бастапқы бағасымен қатар, алдағы пайдалану шығындарын да ескеруге мүмкіндік береді.

Фото: Allur

Қауіпсіздік – күнделікті өмірге қажетті технологиялар

Қала ішінде де, тасжолда да электронды көмекші жүйелер жүргізушіге қолдау көрсетеді. MG ZS, MG HS және MG RX9 модельдерінде жинақталымына қарай MG Pilot көмекші жүйелер кешені қолжетімді. Оның құрамына адаптивті круиз-бақылау, жолақта жүруді бақылау және жолақтан шығып кетудің алдын алу жүйесі, «соқыр аймақтарды» бақылау және соқтығысу қаупі туралы ескерту функциялары кіреді.

Шолу камералары мен тұраққа қою датчиктері көлікті маневр жасау кезінде басқаруды жеңілдетеді, ал ISOFIX бекіткіштері балаларға арналған автокреслоларды орнатуға мүмкіндік береді. Дегенмен электронды көмекші жүйелер жүргізушінің жолдағы мұқияттығын алмастырмайды.

MG автомобильдерінің қауіпсіздік деңгейі Euro NCAP тәуелсіз ұйымы өткізетін апаттық сынақтардың нәтижелерімен де расталады. Брендтің бірқатар модельдері ең жоғары баға – бес жұлдызға ие болған. Бұл өндірушінің жүргізуші мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән беретінін көрсетеді.

Кез келген маусымдағы жайлылық

Қыста орындықтарды, руль мен бүйір айналарды жылыту функцияларының маңызы артады. Ал жазда тиімді климат-бақылау жүйесі ерекше қажет. MG HS және MG RX9 модельдерінде алдыңғы орындықтарды желдету функциясы қарастырылған. Ал жеті орындық MG RX9 үш аймақты климат-бақылау жүйесімен жабдықталған.

Ұзақ жолға шыққанда басқа да жайлылық факторлары маңызды. Олардың қатарында орындықтардың ыңғайлылығы, салон кеңістігінің тиімді ұйымдастырылуы, дыбыс оқшаулауы және смартфонды Apple CarPlay немесе Android Auto арқылы қосу мүмкіндігі бар.

Фото: Allur

Әртүрлі қажеттілікке сай практикалық қолайлылық

Заманауи автомобиль иесінің өмір салтына сай болуы керек. Ол күнделікті қала ішінде қатынауға да, отбасымен бірге саяхаттауға да қолайлы болғаны маңызды.

MG модельдік қатарындағы әр автомобильдің өзіндік артықшылықтары бар. MG 5 маневр жасауға ыңғайлылығымен және көлемі 422 литр болатын кең жүксалғышымен ерекшеленеді. MG ZS ықшам өлшемдері мен жерден биік орналасқан шанағымен, ал MG HS серпінді жүрісі және кең салонымен ерекшеленеді. Жеті орындық MG RX9 толық жетекті жүйесімен және жайлы саяхатқа арналған мүмкіндіктерімен назар аудартады.

Модельдердің әртүрлілігі күнделікті міндеттерді орындауға да, жаңа бағыттарға сапар шегуге де қолайлы автомобиль таңдауға мүмкіндік береді.

Басқару мүмкіндігі – әр шақырымдағы сенімділік

Автокөлік таңдағанда салонда қаншалықты жайлы екеніне ғана емес, оның жолдағы жүрісіне де мән беру керек. Тасжолдағы тұрақтылығы, жүрісінің бірқалыптылығы және басқарудың болжамды болуы әр сапардан алатын әсерге тікелей ықпал етеді.

MG модельдері басқару мен жайлылықтың үйлесімділігін қамтамасыз ететін еуропалық шасси баптауларымен ерекшеленеді. Сонымен қатар жүргізу режимдерін таңдау мүмкіндігі автомобильдің жүріс сипатын жол жағдайына және жүргізушінің жеке қалауына бейімдеуге мүмкіндік береді.

Фото: Allur

Өмір салтына сай автокөлік таңдау

MG модельдік қатарында әртүрлі қажеттілікке арналған автомобильдер бар. MG 5 седаны күнделікті қатынауға қолайлы болса, ықшам MG ZS кроссовері қала ішінде жүруге және белсенді өмір салтына сай келеді. MG HS кең салон мен заманауи технологияларды бағалайтындарға арналған. Ал жеті орындық, толық жетекті MG RX9 отбасылық саяхатқа қолайлы.

Сайып келгенде, ең жақсы автомобиль – сатып алған күні ғана емес, арада бірнеше жыл өтсе де қолайлылығын жоғалтпайтын көлік. Бұған көз жеткізудің бір жолы – MG ресми дилерінен тест-драйвтан өту.

Модельдер мен жинақталымдар туралы толығырақ ақпарат: mg.com.kz.

Тест-драйвқа жазылу: 3388