4 қарашаға қараған түні Украина әскері Ресейдің Адыгея Республикасындағы Адыгейск қаласында орналасқан Ozon компаниясының қоймасына дронмен соққы жасады. Шабуыл салдарынан қойма аумағында өрт шыққан. Қызметкерлер қауіпсіз жерге эвакуацияланып, зардап шеккендер тіркелмеген,, деп хабарлайды ult.kz.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, дрон қоймаға түскеннен кейін өрт тұтанған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен құтқарушылар жұмылдырылған.
Адыгея Республикасының басшысы Мұрат Құмпилов те шабуыл болғанын растады. Оның хабарлауынша, өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құтқару қызметтері тартылған.
Адыгейск қаласындағы қойма Ozon компаниясының Украина қарулы күштері шабуыл жасаған 12-логистикалық орталығы болған.