Зеленский Путинмен Түркияда кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Зеленский Путинмен Түркияда кездесуге дайын екенін мәлімдеді
ашық дереккөз

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен Түркия аумағында кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Ол келіссөз ұйымдастыруға көмектесуін сұрап, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға жүгінген. Бұл туралы Зеленский CNN Türk телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Украина басшысының пікірінше, Анкара қақтығысты реттеу үдерісінде нақты әрі шынайы делдал бола алады.

«Ердоған президенттің Путинмен байланыста екенін білемін. Сондықтан кездесудің Түркияда өткенін қолдаймыз», – деді Зеленский.

Бұған дейін Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Владимир Путиннің Владимир Зеленскиймен тікелей диалогтан ешқашан үзілді-кесілді бас тартпағанын айтқан болатын.