100 млн теңгелік олжа: Түркістан тұрғыны 11 ителгіні шетелге заңсыз алып өтпек болды

100 млн теңгелік олжа: Түркістан тұрғыны 11 ителгіні шетелге заңсыз алып өтпек болды
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Түркістан облысында шекарашылар Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні ел аумағынан заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті. Сирек кездесетін құстардың қара нарықтағы құны 100 млн теңгеден асуы мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.

Ведомство мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 31 қазанда «Целинный» өткізу пунктінде болған. ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері тексеру барысында Қазақстан азаматын ұстап, одан Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні тәркіледі.

Алдын ала есеп бойынша, тәркіленген құстардың қара нарықтағы жалпы құны 100 млн теңгеден асады.

Аталған дерек бойынша материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.