Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында жеңімпаз атанды

Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында жеңімпаз атанды
Туризм және спорт министрлігі

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Фатима Сұпығалиева Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ult.kz.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда Португалия өкілі София Гаспармен кездесті.

Нәтижесінде Сұпығалиева иппонмен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ақтық белдесу 2 минут 33 секундта аяқталды.

Осылайша Фатима Дакардағы Олимпиадада ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Фатима бұған дейін ширек финалда Коста-Рика өкілі Химена Моралес Гамбоаны иппонмен жеңсе, жартылай финалда словакиялық Вивьен Вадовицовадан басым түсті.

Айта кетейік, тамыз айында Эквадорда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Фатима Сұпығалиева қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанған болатын.