Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық қарым-қатынас туралы ой қозғап, оқырмандарын өмірлік тәжірибесімен бөлісуге шақырды, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі ұзақ жыл бірге тұрған ерлі-зайыптылардың бір-бірін таңғалдыра білуі мен шаңырақтың беріктігіне негіз болатын қасиеттер туралы сұрақ қойды.
“Бір шаңырақ астында қанша жыл өмір сүрсеңіздер де, бір-біріңізді әлі күнге дейін таңғалдыра аласыздар ма? Сіздердіңше, отбасының беріктігі неде? Сыйластықта ма, түсіністікте ме, әлде кешіре білуде ме?” – деп жазды әнші.
Жазира Байырбекова үлкендердің көргені мен түйгені жас отбасыларға бағыт-бағдар бере алатынын атап өтті.
“Өмірлік тәжірибелеріңізбен бөлісіңіздерші. Кейде үлкендердің бір ауыз сөзі тұтас бір отбасыға сабақ болуы мүмкін”, – деді өнер иесі.
Айта кетейік, Жазира Байырбекова оқырмандарынан кеңес сұрады.
Жазира Байырбекова кім?
Жазира Байырбекова – қазақ эстрадасының әншісі. Көпшілікке жұбайы, әнші Жанболат Есбосыновпен бірге құрған “Жанболат пен Жазира” дуэті арқылы танылған.

Өнерлі жұптың репертуарында махаббат, отбасы және туған жер тақырыбындағы әндер бар.

Әнші әлеуметтік желіде шығармашылығымен қатар, отбасылық өмірі мен бала тәрбиесіне қатысты ойларын да бөлісіп отырады. Жанболат екеуі Руслан есімді ұл мен Дара есімді қыз тәрбиелеп отыр.