Таиландтың Пхукет аралында Интерпол желісі бойынша халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Ол трансұлттық алаяқтық пен ақша жылыстатуға қатысы бар деген күдікке ілінген, деп хабарлайды ult.kz.
The Phuket News басылымының хабарлауынша, қазақстандықтың Таиландтағы визасының мерзімі 185 күннен астам уақытқа өтіп кеткен.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі азаматымыздың ұсталғанын растады. Ведомствоның мәліметінше, ұстау Бас прокуратураның сұрауы негізінде жүргізілген.
Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі уәкілетті органдармен бірлесіп қарастырылып жатыр.