Бүгін валюта бағамы қандай болды?

Бүгін валюта бағамы қандай болды?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

6 қарашада Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,02 теңгеге төмендеп, 447,14 теңге болды, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада күннің бірінші жартысындағы мәлімет бойынша айырбастау орындары долларды орта есеппен 446 теңгеден сатып алып, 453 теңгеден сатқан. Еуроны сатып алу бағамы 499 теңге, сату бағамы 509 теңге болды. Рубль тиісінше 5,20 және 5,40 теңгеден айырбасталды. 

Алматыда долларды сатып алу бағамы орта есеппен 447,60 теңгені, сату бағамы 450 теңгені құрады. Еуро 496,90 теңгеден сатып алынып, 505,60 теңгеден сатылды. Ресей рублінің сатып алу бағасы 5,21 теңге, сату бағасы 5,34 теңге болды. 

Шымкентте доллар орта есеппен 448,20 теңгеден сатып алынып, 449,90 теңгеден сатылды. Еуроның сатып алу бағамы 502 теңге, сату бағамы 506,80 теңге болса, рубль тиісінше 5,24 және 5,31 теңге болды. Айырбастау орындарындағы бағамдар күн ішінде өзгеруі мүмкін.