Алматыда бұрынғы сүйіктісінің соңынан қалмай, үйі мен жұмыс орнына барған ер адам ұсталды. Ол әйелге жасырын нөмірлерден қоңырау шалып, күш қолданатынын айтып қорқытқан, деп хабарлайды ult.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, әйел қарым-қатынасты тоқтататынын бірнеше рет айтса да, ер адам онымен кездесуге тырысқан. Қайта-қайта хабарласып, хабарлама жазуын да доғармаған.
Ақыры жәбірленуші полицияға жүгінген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, хат алмасулар тергеу материалдарына тіркелді. Күдікті кінәсін мойындаған.
Қазір ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция адамның еркінен тыс байланыс орнатуға тырысу, аңду және жеке өміріне жүйелі түрде араласу заң бойынша жауаптылыққа әкелетінін ескертті.