«Инкассатор шақырамыз»: алаяқтар Ұлттық банк атын жамылып жүр

«Инкассатор шақырамыз»: алаяқтар Ұлттық банк атын жамылып жүр
ашық дереккөз

Алаяқтар Ұлттық банктің атын жамылып, азаматтарға жалған хаттар таратып жатыр. Олар ұрланған ақшаны қайтаруға немесе түскен аударымды жеткізуге уәде беріп, алдын ала төлем талап етеді, деп хабарлайды ult.kz.

Ұлттық банк мәліметінше, қаскөйлер мекеменің ресми бланкісіне ұқсас жалған құжаттарды пайдаланады. Кейбірі ақшаны қайтару үшін төлем сұраса, енді бірі аударымды жеткізуге инкассатор көлігі қажет екенін айтады.

Алаяқтар өздерін Қаржылық мониторинг агенттігінің немесе Ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстыруы мүмкін.

Ұлттық банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін, ақша декларацияламайтынын және халықпен ақшалай есеп айырыспайтынын ескертті. Сондай-ақ азаматтармен мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы хат алмаспайды.

Ведомство күмәнді шоттарға ақша аудармауға және жалған құжаттарға сенбеуге шақырды. Күмән туындаса, 1477 нөміріне хабарласуға болады.