Актер Олжас Абай журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында актриса Дариға Бадықовамен қарым-қатынасы туралы сөз қозғады. Өнер иесі жеке өміріне қатысты әңгімелерге тоқталып, өз ұстанымын жеткізді, деп хабарлайды ult.kz.
Олжастың айтуынша, ол ешкімнің отбасын бұзып, біреудің әйелін тартып алмаған. Актер Дариғамен арадағы қарым-қатынасында әр нәрсенің өз уақытымен болғанын атап өтті.
Сұхбат барысында актер екінші некесі мен бірінші некесінен туған балалары туралы да айтты. Оның сөзінше, қайта шаңырақ көтергенімен, балаларының алдындағы әкелік міндетін атқарып жүр.
Олжас бірінші некесіндегі перзенттеріне қатысты жауапкершілігі сақталғанын жеткізді. Актердің айтуынша, ол балаларының өміріне араласып, әкелік парызын өтеуді жалғастырып келеді.
Айта кетейік, Олжас Абайдың Дариға туралы сөзі жұртты шулатты.
Олжас Абай кім?
Олжас Абай — қазақстандық актер әрі әнші. 1991 жылы дүниеге келген. Талдықорған өңірінің тумасы. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында драма театры және кино актері мамандығы бойынша білім алған. Оқуын аяқтағаннан кейін Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек еткен.

Көрерменге “Қара шаңырақ”, “Бәсеке”, “Әулет” секілді отандық жобалардағы рөлдері арқылы таныс. Актерлікпен қатар әншілікпен де айналысады.