Жамбыл облысының Жуалы ауданында сыныптасын сөзбен кемсіткен оқушының әкесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ult.kz.
Мектептердің бірінде 8-сынып оқушысы сабаққа кешігіп келген сыныптасын «қой бағатын малшы» деп мазақтап, мал баққандықтан кешіккенін айтқан.
Сот мәліметінше, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия буллинг фактісін растаған. Оқушының ата-анасын жауапқа тарту туралы шешім қабылданған.
Баланың әкесі кінәсін мойындап, мұндай жағдайға енді жол бермейтінін айтқан. Сот шешімімен оған әкімшілік ескерту жасалды.