Таиландтың Паттайя қаласында Ресейден келген әпке мен інісі жұмбақ жағдайда жоғалып кетуі қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды ult.kz.
Оқиға 26 шілде күні таңғы сағат төрт шамасында болған. Түмен қаласының 22 жастағы тұрғыны Диана Назимова мен оның 17 жастағы інісі Роман бір мотоциклмен үйден шығып кеткен. Бақылау камералары олардың ауданнан кеткенін тіркеген.
Арада 24 минут өткен соң Диананың телефонынан «Шұғыл» деген жалғыз сөз жазылған хабарлама келген. Дәл сол уақытта смартфон соңғы геолокациясын жіберген. Ол үйден небәрі 200 метр қашықтықты көрсеткен. Осыдан кейін ағалы-қарындас байланысқа шықпаған.
Жоғалып кетердің алдында Диана анасына iPhone телефоны белгісіз Bluetooth құрылғысын анықтағанын айтып, өзін біреудің аңдып жүргенін сезетінін жеткізген.
Қыздың анасы бірден полицияға жүгінген. Кейін Ресейдің Таиландтағы елшілігі де іске араласып, жергілікті құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, тергеу барысында күдікті анықталып, оның үйіне арнайы жасақпен операция жүргізілген. Алайда ағалы-қарындастың тағдыры әзірге белгісіз. Тергеу жалғасып жатыр.