6 қарашада Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде жауын-шашын күшейеді, деп хабарлайды ult.kz.
Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман түседі. Елдің шығысы мен солтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Астанада күн құбылмалы бұлтты болып, кешке қарай аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +1…+3°С, күндіз +10…+12°С болады. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Алматыда жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +1…+3°С-қа дейін төмендеп, күндіз +15…+17°С-қа дейін көтеріледі. Оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с жел соғады.
Шымкентте таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Түнде +8…+10°С, күндіз +21…+23°С күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5–10 м/с болады.
Ақмола және Қостанай облыстарында желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай мен Батыс Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар жауып, тұман және көктайғақ күтіледі. Жамбыл облысында күндіз +19…+24°С-қа дейін жылынса, Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында түнде −10°С-қа дейін суытады.