ҚР Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді

ҚР Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұлт порталы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамын назарларыңызға ұсынады:

1. Асқар Ұзақбайұлы Мамин - Қазақстан Республикасының Премьер-министрі;

2. Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

3. Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

4. Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

5. Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

6. Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

7. Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

8. Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

9. Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

10. Елжан Амантайұлы Біртанов – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

11. Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

12. Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

13. Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;

14. Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

15. Руслан Ерболатұлы Дәленов – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

16. Скляр Роман Васильевич – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

17. Сапархан Кесікбайұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

18. Бердібек Машбекұлы СапарбаевҚазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.