25 ақп, 2019 сағат 15:57

Мемлекеттiк хатшы Гүлшара Әбдіқалықова вице-премьер болды

Гүлшара Әбдіқалықованы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

ӘБДІҚАЛЫҚОВА Гүлшара Наушақызы 1965 жылы Қызылорда облысында туған.

Білімі жоғары, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын экономист мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.

Институтты бітірген соң 1987-1994 жылдары Қызылорда облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасында аға инспектор, бөлім бастығы болып жұмыс істеген.

1994-1995 жылдары – ҚР Жоғары Кеңесі Халықты әлеуметтік қорғау комитетінің консультанты.

1995-2003 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, зейнетақымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек департаментінің директоры, Зейнетақымен қамтамасыз ету және халықтың кірісін реттеу департаментінің директоры лауазымдарында жұмыс істеді.

2003-2005 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2005-2006 жылдары – «Өмірді сақтандыру компаниясы – Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ басқармасының төрайымы.

2006-2007 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2007-2008 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.

2008-2009 жылдары – ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы.

2009-2012 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.

2014 жылғы қарашадан бастап – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

Бір қыз тәрбиелеп отыр.