25 ақп, 2019 сағат 15:15

Бозымбаев министр қызметін жалғастыра бермек

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде өткен отырыста Қанат Бозымбаевтың кандидатурасы ҚР Энергетика министрі лауазымына тағайындауға келісілді.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.  

«Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес аталған мәселе Комитет отырысында қарастырылды.  

Қазақстан Үкімет басшысының тапсырмасымен Қанат Бозымбаевтың кандидатурасын ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды.